Жаңалықтар
Жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау агенттігі немен айналысады?
- author «Ақ жол»
- 4 қыркүйек, 2020
- 696
Жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау агенттігі немен айналысады?
Жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін кім қаржыландырады, ол қандай функцияларды орындайды? Бұл сауалдарға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов арнайы брифингте жауап берді. - ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі функцияларды қайта бөліп қарастыру тұрғысында жасақталады, яғни, Ұлттық экономика министрлігінің белгілі бір функцияларын осы агенттікке беріледі. Атап айтқанда, бұл стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік басқару саласындағы кейбір мәселелер және мемлекеттік статистиканы дамыту мәселелері бойынша функциялар, - деді Әлихан Смайылов үкіметтегі брифингте.
Агенттіктің қызметін қаржыландыру жоғарыда аталған функцияларды жүзеге асыру үшін бар шығындарды қайта бөлу арқылы жүзеге асырылады.
- Бөлініс бойынша баланс жасалады, ол биылғы жылдың бюджетін нақтылау кезінде және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қазір Мәжілісте тұрған заң жобалары шеңберінде ескеріледі, - деді бірінші вице-премьер.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттік құруды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар мәселесіне тоқталды. Ол үшін Тоқаевтың айтуынша, РСЖА - мемлекет басшысына тікелей есеп беретін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




