Жаңалықтар
Мұғалімдер мен оқушылар үшін 990 теңгелік арзан тариф құрылды
- author «Ақ жол»
- 30 тамыз, 2020
- 681
Мұғалімдер мен оқушылар үшін 990 теңгелік арзан тариф құрылды
Қазақстанда оқушылар мен оқытушылар арасындағы байланыс үшін арнайы тариф іске қосылуда. Тарифтің ай сайынғы абоненттік төлем көлемі 990 теңгені құрайды.
Мұндай тариф қазір бар. Жетекші ұялы байланыс операторлары 990 теңгеге "Bilim" тарифін жасады. Ол оқу жылының басынан бастап қолжетімді болады. (…) Осы тарифті қолданғандардан Kundelik.kz ресурстарына кіріп-шығып, жұмыс істегендерден ешқандай мегабайт алынбайды, - деді "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов ОКҚ-да өткен брифингте.
Еске сала кетелік, бірінші рет бұл тариф жайлы бұрынғы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеген еді. Ол бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушылар арасында шексіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің білім ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігін атап өткен.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




