Мобильді топ зерделеу жұмыстарын жүргізуде

Мобильді топ зерделеу жұмыстарын жүргізуде
ашық дереккөз
Мобильді топ зерделеу жұмыстарын жүргізуде
 width= Тараз қаласы әкімдігінің өкілдері және арнайы құрылған мобильді топ мүшелері қаланың шағын аудандарында орналасқан базарлар, кафелер мен түнгі клубтар бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 14 тамыздағы №32 қаулысына сәйкес, карантиндік режімнің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өткен іс-шарада қазіргі тәртіпке байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.⠀ Нәтижесінде белгіленген уақыттан тыс жұмыс жасап жатқан «Chechil Pub» және «Пинта» нысандарына ескерту беріліп, хаттама толтырылды. Кеше басталған рейд бүгін де екі мезгіл, яғни күндіз және түнде жүргізілмек. Альмира Омарова.  

Ұқсас жаңалықтар