Жаңалықтар
Ауылдан келіп тұрмын Кенен деген, Кененге таңсық емес өлең деген...
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2020
- 742
Ауылдан келіп тұрмын Кенен деген, Кененге таңсық емес өлең деген...
Облыста өзіндік өрнегі, сара жолы бар айтыскердің бірі - қордайлық Күміскүл Сәрсенбаева. Оның айтысқа алғаш келуі де қызық. 1989 жылы жадыраған жаз күндерінің бірінде Т.Рысқұлов ауданында «Алатау таңы» облыстық спартакиада өтіп жатады. Күміскүл сол спартакиадада шахматтан (спорттың осы түрінен әйелдер арасында облыс чемпионы болып жүрген кезі) бағын сынайды.
Содан кезекті жарыс күні аяқталып, қатысшылардың бәрі демалып, әрі-бері серуендеп жүрген екен. Кенет далада құрылған сахнада біреулердің айтысып жатқан дауысы естіледі. Оның бірі Талас ауданынан келген Ербол Қамбатыр екен де, оның қарсыласы Жамбыл ауданынан келген есімі белгісіздеу бір кісі. Бір қызығы, ол сахнаға жалаңаяқ шығып кетіпті. Кішігірім еркін айтыс та ондай - ондай бола берсе керек. Бірақ, Ербол оның аузын аштырмай, тұқыртып тастайды. Әзілмен де елдің езуін жиғызбайды. Жұрт сол жерге жиналып қалған. Ақыр соңында жалаңаяқ жігіт сахнаны тастай қашады. Ербол жалғыз қалады. Сонда Қордай аудандық мәдениет бөлімінің сол кездегі басшысы Серікжан Әбітбеков: «Күміскүл, шық сахнаға, Ерболмен сен айтыс» дейді. Күмістің домбырамен жақсы ән салатынын, кейде ойдан құрап өлең айтатынын бастығы білсе керек. Сонымен, қордайлықтар Күміскүлді қолқалап ортаға шығарады. Сонда Ербол Күміскүлге қарап:
Несібе бір күн елес, бір күн арман,
Айтысып шықсам деп ем бір құмардан.
Жалаңаяқ жалт беріп жоғалды да,
Қасыма ару келді мың бұралған, - деп әзілге толы бір шумақ айтады. Сонда Күміс домбырасын ұзағырақ қағып тұрып:
Ауылдан келіп тұрмын Кенен деген,
Кененге таңсық емес өлең деген.
Сахнаға алғаш шыққан Күміс қыздың,
Дәмесі бар өзіңді жеңем деген, -деп салады.
Ел ду етіп қолдап, қос ақынға шабыт береді. Одан әрі Күміскүл:
Айнала көрерменге толып тұрған,
Сахнада талай қызық болып тұрған.
Бұл Ербол қазір ғана бір ағасын,
Жалаңаяқ деп сынап, жонып тұрған.
Ал өзіне қарасам алба-жүлба,
Ерекеңнің түрі жоқ оңып тұрған.
Байқасам қасыңызда жаурап тұрмын,
Күміске көмегің жоқ тоңып тұрған, - деп сахнаға бейімделе бастайды. Ербол:
Болмады Үмітімді ұмытпасам,
Мен сізге қарап едім суық қашан?
Несіне кақпашы Ербол болып жүрмін,
Күмісті тосып алып жылытпасам,- дейді.
Сонда Күміскүл:
Сөзіңнің кесек –кесек ерегі жоқ,
Жұтаң тартқан ормандай терегі жоқ.
Күмісті ыстықтатып жібермесең,
Жәй ғана жылытудың керегі жоқ, -демей ме, Ербол да азамат қой:
Осындай айтыстарда толқып қалам,
Тізгінді осы жерден тартып қалам.
Кененің ізбасары шығыпты деп,
Шорабек ұстазыма айтып барам, -деп айтысты аяқтайды.
Осы айтыстан соң, Күміскүл облыстық ақындар айтысына қатыса бастайды. Жамбыл облысының 50 жылдығына орай өткен айтыста байзақтық Қасқырбай Нарбатырмен айтысқанда, Қасекеңнің домбырасының тиегі екі рет ұшып кетіпті.
Сонда Күміскүл: «... Қасеке, домбыраңның тиегіндей, Өзің де сахнадан ұшып кетпе» деп, қарсыласын бір шумақпен тоқтатса керек. Сөз қадірін білген Қасқырбайдың ісі де ерлік қой.
Таластың Ақкөл ауылында өткен Ұлбике ақынға арналған айтыста тағы байзақтық Болат Басқараевпен, кейінірек әйгілі Шорабек Айдаровпен де сынға түседі. Шорабек Күміскүлге жезде боп келеді екен. Шөкең салған жерден: «Балдызымды әйелдікке аламын», -демей ме? Сонда Күміс:
– «Бойдақ қыздың бәріне көрінесің асыл боп,
Сахнада сөйлейсің найзағай боп, жасын боп.
Мені алып қайтесің, қасқа басың жалтырап,
Айналайын жездеке, басың бар да, шашың жоқ, - деп бұрылғаны сол, қарсыласы орында жоқ. Сөйтсе сөз қадірін білетін Шөкең сахнадан шығып кеткен екен.
Содан Күміскүл Сәрсенбаева республикалық айтыстарға шақырылып, үлкен додаларға еркін кіреді. Бірде Алматыда Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алуға арналған айтыста түркістандық Бекарыс Шойбековпен айтысады. Соның алдында ғана бір айтыста Бекарыс семейлік ақын қыздар Сара Тоқтамысова және Қарлығаш Әубәкіровамен айтысып, «Сендерді інілеріме алып берем» десе керек. Артынша Қарлығаш басқа жаққа тұрмысқа шығып, Сара да өз теңін тауып кетіпті. Осы жағдайды меңзеген Күміскүл: - Бұл өнер қазақтағы дәстүр екен,
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




