Президент Фируза Шарипованы құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионы атанған Фируза Шарипованы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", делінген жазбада.
Фируза Шарипова (11-1, 5 КО) IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.
Жекпе-жек Қазан қаласында өтті. Шарипованың қарсыласы - Танзаниядан келген Хеппи Дауди (8-6-1, 4 КО). Титулдық жекпе-жек әр раунды екі минуттан тұратын 10 раундқа белгіленгені белгілі. Кездесудің 5-раундында қазақстандық спортшының қарсыласы өзінің жеңілісін мойындады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




