Коронавирус жұқтырған 309 адамның жағдайы нашар – ҚР ДСМ

Коронавирус жұқтырған 309 адамның жағдайы нашар – ҚР ДСМ
ашық дереккөз
Коронавирус жұқтырған 309 адамның жағдайы нашар – ҚР ДСМ
 width= Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырып ем алып жатқан адамдар саны 10 597 адамды құрап отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды. Ондағы мәліметтерге қарағанда, науқастардың арасында 52 сәби бар. Стационарларда 5 673 науқас жатыр. 4 924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 309 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 70 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлайды»,-делінген хабарламада.  

Ұқсас жаңалықтар