Тараздық жасөспірімдер TikTok үшін пышақ ала жүгірген
Таразда жасөспірімдер TikTok желісіндегі видео үшін бір-біріне пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Polisia.kz.
15 тамыз күні 15 және 17 жастағы жасөспірімдер арасында жанжал туындаған. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жанжалға жігіт пен қыз бірлесіп түскен ролик себеп болып, оны жанжал шығарушы қызғанған.
Үшінші жасөспірім таныстарды ажыратпақ болған кезде пышақтан жарақат алған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Зардап шеккен жігіттің айтуынша, оған пышақ жарақатын салған жанжалды бастаған жасөспірім екен. Ол істеген әрекеті үшін жауапкершіліктен жалтарып, ізін суытқан.
Тараз қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы ұсталған 15 жасар Тараз тұрғынына қатысты қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Оқиғаның жай-жапсары белгілі болғаннан кейін бұлтартпау шарасы анықталады.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




