Жаңалықтар
Коронавирустың екінші толқынына әзірлік: Аудан ауруханаларына рентген-аппараттары жеткізіледі
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2020
- 487
Коронавирустың екінші толқынына әзірлік: Аудан ауруханаларына рентген-аппараттары жеткізіледі
2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханалары цифрлық рентген-аппараттарымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-парақшасында жазды.
«Коронавирус инфекциясының пандемиясы аяқталған жоқ. Біз қазан айында-ақ ЖРВИ және тұмау маусымымен қатар күтіліп отырған жаңа толқынға дайын болуымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге алдағы күз-қыс кезеңіне белсенді дайындалып жатыр. Ел дәріханаларына 10 миллионнан астам қаптама дәрі-дәрмек жеткізілді. Бірыңғай дестрибьютер республиканың медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмектің бір айлық қорымен қамтамасыз етті және 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңгеге қосымша екі айлық қор қалыптастырылатын болады», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, «СҚ-Фармация» базасында Республикалық тұрақтандыру қоры құрылды. Мұнан бөлек, еліміздің 11 өңірінде өңірлік тұрақтандыру қорларының құрылғаны белгілі болып отыр.
«Аурханаларды жабдықтау үшін қосымша 2 578 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды. Оның 1500-ін отандық тауар өндірушілері өндірген. 1078 аппарат жергілікті бюджеттердің, демеушілік көмектің және Дүниежүзілік банктің қаражатына алынды. 23 890 төсек-орын оттегімен, оның ішінде 13 153-і оттегі концентраттары арқылы қамтамасыз етілетін болады. 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханаларын цифрлық рентген-аппараттарымен 100 пайыз қамту жоспарланып отыр», - деді Алексей Цой.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




