Жаңалықтар
Елімізде КаzAID - қазақстандық халықаралық даму агенттігі құрылады
- author «Ақ жол»
- 19 тамыз, 2020
- 242
Елімізде КаzAID - қазақстандық халықаралық даму агенттігі құрылады
Елімізде "КаzAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі" құрылады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жаңа ұйымның басты міндеті – басқа мемлекеттерге көмек көрсету. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Коммерциялық емес агенттіктің жарғылық капиталы республикалық бюджет есебінен қалыптасады. Ұйымды құруға 138 млн теңге жұмсалады. Мұнда халықаралық бизнес саласында тәжірибеден өткен 15 маман қызмет етеді. Алдымен Орталық Азия мемлекеттеріне көмек беру шаралары қолға алынбақ.
инистрлік өкілдерінің айтуынша, тек гуманитарлық көмек емес, басқалай да қолдау болады. Мысалы, студенттерге грант бөлу және медицина саласында әріптестік орнату жоспарланған. Жалпы тәуелсіздік жылдары Қазақстан Ауғанстан мен басқа да дамушы елдерге 500 млн доллардан астам қаржыға көмек көрсеткен.
Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Дамуға ресми көмектің гуманитарлық және басқа да көмектерден ерекшелігі – экономика мен адами капиталды дамытуға бағытталады. Және бұл ұзақ мерзімді жобаларға арналған. Ал, гуманитарлық көмек өзекті мәселе туындаған кезде ғана жібереді. Дамудың ресми көмегі сыртқы саясатты нығайтудың құралы деп айтуға болады. Әлемде қазір бір-біріне қол ұшын беру, қолдау көрсету маңызды болып тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді