Жаңалықтар
Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылғаны рас - ДСМ
- author «Ақ жол»
- 17 тамыз, 2020
- 606
Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылғаны рас - ДСМ
Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылды. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында журналистер ресми өкілден: «Қазақстан шекарасы маңында бубон обасының қоздырғышы табылды деген ақпарат қаншалықты рас? Аталған аурумен ел аумағында тіркелген науқастар бар ма?», - деп сұраған еді.
Өз кезегінде Бағдат Қожахметов бұл ақпараттың расталғанын атап өтті.
«Бұл Моңғолияда, әсіресе РФ-ның Алтай өлкесінде табиғи бубондық обаны тасымалдайтын жануарлар мекендейтін жерлерде жыл сайын тіркеледі. Қазақстанда бубон обасымен ауырды немесе жұқтырды деген дерек жоқ. Неге десеңіздер, шекарада тосқауыл қойылған. Санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілуде», - деп жауап берді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




