Ауылшаруашылығы вице-министрі жаңадан тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды. Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
2014-2017 жылдары — "Транстелеком" АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі;
2017-2018 жылдары — "Астана — жаңа технологиялар – 2008" ЖШС директоры;
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




