Қазақстанда 11 баладан Кавасаки синдромы анықталды
Қазақстанда 11 балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.
"Қазақстанда 11 балада Кавасаки синдромына ұқсас белгілер анықталды. Кавасаки синдромына тек бес жасқа дейінгі балалар шалдығады. 11 баланың тек екеуі - бес жасқа дейінгі балалар, ал қалған тоғызының жасы 5 пен 17 жас аралығында. Нұр-Сұлтанда ауруханада осындай диагнозбен жатқан балалардың үшеуі үйіне босатылды, тағы сегізі Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және елорда ауруханаларында ем алып жатыр", - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде.
Ол Кавасаки синдромының белең алуы балалардағы коронавирус инфекциясының ауыр жүруінің салдары екенін атап өтті. Бұл - өте сирек кездесетін ауру, соңғы кездері Ковид-19 бар науқастар санының өсуіне байланысты жиі кездесуде.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




