Қылмыскерлерден 4 тапанша мен 133 оқ-дәрі тәркіленді
Қарағандыда қылмыскерлерден 4 тапанша мен 133 оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған шот-фактуралар жасап беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асыратын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеу барысында қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу және сақтау фактілерін анықтады.
- 4 тапанша мен 133 оқ-дәрі тәркіленді, - деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі ҚМК.
Осы фактілердің негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі бойынша (қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




