Таеквондодан әлем чемпионаты өтпейтін болды
Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитеті коронавирус пандемиясына байланысты жастар арасындағы әлем чемпионатының өтпейтінін мәлімдеді. ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының атқарушы комитетінің видеоконференциясы өтіп, онда атқарушы комитет мүшелері спортшылардың денсаулығын, қауіпсіздігін бірінші орынға қоя отырып, чемпионатты өткізбеу туралы шешім қабылдағанын жариялады.
Биылғы әлем чемпионаты Болгарияның София қаласында 14-18 қазан күндеріне жоспарланған еді. Десе де София 2022 жылғы әлем біріншілігін қабылдайды.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




