Жаңалықтар
Елімізде COVAX-19 вакцинасының клиникалық кезеңі сәтті аяқталды
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2020
- 438
Елімізде COVAX-19 вакцинасының клиникалық кезеңі сәтті аяқталды
COVAX-19 вакцинасы қауіпсіз. Коронавирусқа қарсы алғашқы екпені өзіне салдырған қазақстандық вирусолог Қайсар Табынов шетелдік препаратқа осындай баға берді деп хабарлайды КТК арнасы. Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры жұқпалы дертке қарсы екпені 12 күн бұрын салдырған еді. Сол уақыттан бері Қайсар Табыновтан қан алынып, оның иммунитетінде антиденелер түзеле бастаған.
Екпені толыққанды талдау үшін препарат вирусологқа тағы бір рет салынуы тиіс. Кейін оның денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болады. Австралиялық вакцинаны зерттеп жатқан отандық мамандар сынақтың клиникалық кезеңі сәтті аяқталғанын жеткізді.
Айта кетейік, бұл вакцина мақұлданса алдымен еріктілерге, кейін жаппай сынала бастайды. Қауіпті кеселге қарсы екпе 2 миллионнан астам отандасымызға тегін беріледі деп жоспарланған. "Қан тапсырған соң биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштер жақсы екенін көрдім. Екпенің ешқандай кері әсерін байқаған жоқпын. Денсаулығым қазір жақсы. Тәуелсіз зертхананың мамандары екпені жан-жақты талдап, тексеріп жатыр. Ғалымдар осы препаратқа үлкен үміт артып отыр. Алдағы уақытта зерттеудің толық нәтижесі жарияланады. Бұл оңай шаруа емес. Сондықтан уақыт керек", - дейді ҚазҰАУ Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынова.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




