Қазақстан мұнай өндірісі көлемін қысқартты
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2020 жылдың алғашқы жеті айында 1,4% төмендеді. Бұл туралы энергетика министрі Нұран Ноғаев мәлімдеді. Оның айтуынша, коронавирусқа қатысты пандемия мен көптеген елдерде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты мұнайға деген сұраныс азайды.
- Осы жылдың жеті айының соңында өндірілген мұнай мен конденсат өндірісі 51,5 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% -ға төмен. Мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады, - деді Нұран Ноғаев Үкімет отырысында.
Өндірілген газ көлемі 3,4 млрд текше метрді құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп.
Ол Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, сұйытылған газды бөлшек саудада өткізудің максималды бағаларын белгілегенін, бұл оның бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін де атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




