Кітаптың арасына тыққан
Тиым салынған заттарды жасырын түрде темір тордың ар жағына өткізуге ниеттенгендердің саны азаймай тұр. Бүгінгідей қарыштап дамыған заманда әккі іске баратындардың қулығы мен әдісі де әр алуан. Соған қарамастан құйтырқы тірлік әшкереленіп, заңсыздықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы Гаухар Рысбай.
Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде құқықбұзушылық анықталса, жазасын өтеушіге сәлем-сауқат арқылы қатаң тиым салынған заттарды жөнелтпек болған. Бұл жолы тосынсый кәдімгі кітаптан шықты. Жедел тобының жіті тінту жұмыстары барысында 4 бірдей ұялы телефон, оның 2 дана смартфон 2 дана жай байланыс құралы, сондай-ақ қуаттағыш, 2 дана құлаққап және қуаткөзі табылды.
Барлығын «Бегущий в лабиринте» кітабының ішіне салып, бандерольді «Қазпошта» АҚ арқылы көршілес Түркістан облысы Шардара қаласының тұрғыны жолдаған. Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес 481 бап бойынша материал жинақталып, іс әкімшілік сотқа жолданды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




