Жаңалықтар
Докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылады
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2020
- 174
Докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылады
ҚР Білім және ғылым министрлігі докторанттардың диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі туралы ережені өзгертуді ұсынды. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Фейсбук желісінде жазды. «Жақында докторанттар өзге студенттер сияқты жаңа оқу жылын бастайды. Қазіргі нормативтік актілерге сәйкес, докторанттар диссертация тақырыбын оқудың бірінші семестрінде бекітуі керек. Іс жүзінде бұл үнемі дерлік ресми сипатта болады. Докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбын бекіту мерзімін оның пысықталуына қарай өздері белгілеуі тиіс. Білім мен ғылымда ресми тәсіл болмауы керек! Бұл докторанттардың Жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) бекіту мерзімдеріне де қатысты. БҒМ мұндай құжаттардың мерзімдері мен мазмұнын реттемеуі тиіс. Біз ЖОО-лардағы есеп беруді азайту үшін одан әрі жұмыс істейміз», - деп жазды министр Facebook -тегі парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді