Жаңалықтар
Онлайн оқу үшін 990 теңгелік "Білім" тарифы іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2020
- 816
Онлайн оқу үшін 990 теңгелік "Білім" тарифы іске қосылады
Елімізде оқушылар мен мұғалімдерге арналған "Білім" тарифы іске қосылады. Тарифтің абоненттік төлем құны айына – 990 теңге.
Еуразия бірінші арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, ел тұрғындары оны тамыз айының екінші жартысынан бастап қолдана алады.
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеева тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізетінін мәлімдеді.
"Мұғалім" немесе "оқушының" қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталуда. Оқытушылар мен оқушылардың шәкірттердің тізімі берілуі мүмкін", - дейді Гүлнәр Бөкеева.
Сонымен қатар, тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі кезде министрлік 380 ресурсты қолдап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




