Жаңалықтар
Коронавирустың екінші толқыны үшін Қазақстан 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек құрын құруда
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2020
- 545
Коронавирустың екінші толқыны үшін Қазақстан 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек құрын құруда
Үкімет басшысы Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы "СҚ-Фармация" логистикалық хабына барып, онда коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және еліміздің денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ауруханалар мен провизорлық орталықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін препараттардың 91 атауы жеткізілетінін мәлім етті. Өткен айда медициналық препараттар өңірлер бойынша 8,7 миллиард теңгеге бөлінген. Ауруханалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жедел түрде қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынған, емделушілер амбулаториялық деңгейде тегін ала алатын дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілген. Коронавирустың екінші толқыны басталатын жағдай орын алса, компанияда 24 млрд теңге сомасына екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылуда, сондай-ақ карантин кезеңінде жекеменшік дәріханаларды нарық өз бетінше толықтыра алмайтын тапшы 19 дәрімен жабдықтау мәселесі пысықталып жатыр. "СҚ-Фармация" оларды қалалар мен ауылдық елді мекендердегі әр дәріханаға дейін толық жеткізеді.
Үкімет басшысы өңірлерге дәрі-дәрмектердің тиелуін ерекше бақылауға алуды, күзгі-қысқы маусымда COVID-19-дан емдеу үшін барлық қажетті медициналық препараттардың болуын қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмектерге қажеттілік артқан жағдайда шұғыл әрекет етуді, сонымен қатар, бөлшек сауда секторын тапшы дәрі-дәрмекпен толықтыру бойынша тапсырманы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




