Жаңалықтар
Қазақстанда КВИ-ден емделіп жатқан 170 науқастың жағдайы нашар
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2020
- 479
Қазақстанда КВИ-ден емделіп жатқан 170 науқастың жағдайы нашар
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 912 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram арнасында.
Емделіп жатқандардың арасында 139 сәби бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 170 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы өте ауыр деп бағалануда. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. ⠀
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарланады», -делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




