Жаңалықтар
"Ковид-19" жұқтырмағанын растайтын жалған анықтама сатқан
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2020
- 506
"Ковид-19" жұқтырмағанын растайтын жалған анықтама сатқан
Алматы облысында медициналық қызметкер ақшалай сыйақы үшін "КВИ расталмады" деген медициналық зертхана анықтамасын өтірік толтырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.
- Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша, "Ковид-19 табылмады" деген ПТР зертханалық қорытындысы бар анықтама қағазды 25 000 теңгеге беріп жатқан жерінен 1984 жылғы медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі КФМ баспасөз қызметі.
Сұрақ-жауап алу кезінде Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап осы уақытқа дейін шамамен 12 осындай жалған анықтама жасағанын айтты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




