Жаңалықтар
Бейруттағы жарылыстан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2020
- 516
Бейруттағы жарылыстан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады
Бейрутта болған күшті жарылыстан кейін сейсенбіде АҚШ аукциондарында Техас жеңіл майлы мұнайының (WTI) бағасы көтерілді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Бұған Нью-Йорк тауар биржасының мәліметтері дәлел.
Жергілікті уақыт 15:05 бойынша WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,64 $(1,56%) көтеріліп, 41,65 $ құрады. Сауда-саттық кезінде бірінің құны, тіпті 42 доллардан асты.
NationsShares қаржы компаниясының президенті Скотт Нейшнс CNBC телеарнасына берген сұқбатында Бейруттағы жарылыс WTI мұнайы құнының бой көтеруінің басты себептерінің бірі екенін атап өтті.
- Біз геосаяси тұрақсыздықтан қорқамыз, - деді ол. Сарапшы бұл оқиға мұнай тасымалына кедергі әкелуі мүмкін деп болжайды.
АҚШ қор нарығында негізгі баға көрсеткіштері бір күн ішінде әртүрлі бағытта өзгерді. Күннің соңында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




