Жаңалықтар
Қаратауда қамқоршылары жетім балаға аяушылық танытпаған ба?
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2020
- 276
Қаратауда қамқоршылары жетім балаға аяушылық танытпаған ба?
Қаратау қаласында 10 жастағы жетім баланы қамқоршылығына алған отбасының қатыгездігі жайлы ақпарат әлеуметтік желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Бұл туралы фейсбук парақшасында "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсари хабарлады. "Інімнің сыныбындағы 10 жастағы жетім бала 2-3 жылдан бері отбасы қамқорлығына алынған. Қамқоршылары оны аштықта ұстап, ұрып-соғып, қараңғы қапасқа қамаған.
1-2 күн бұрын бала 2-этаждан секіріп кеткен немесе қамқоршылары итеріп жіберген. Ол 2-3 күн көшеде бұталардың түбінде алған жарақатынан тұра алмай жатып қалған. Көмек сұрауға да, жылауға да қорыққан. Қазір көптеген ашық және жабық жарақаттармен ауруханада жалғыз жатыр. Оған ота қажет. Сыныптастарының ата-аналары апарған тамағын қамқоршысы үйіне тасуда. Өтінемін, көмектесіңізші", - деп хат жазған @#Немолчи қорының негізін қалаушы Дина Таңсариге Диана есімді оқырман.
Қазіргі уақытта аталған дерекке байланысты құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы
- 17 қазан, 2024
Қағазбастылықтан арылтып, қолжетімділікті арттыруда
- 17 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді