Есірткіге еліткен тұрғын полиция қызметкеріне оқ атты
Алматыда есірткі қабылдаған ер адам полиция қызметкеріне оқ атты.
Қалалық ПД хабарлауынша, 102 пультіне әйел адам хабарласып, күйеуі отбасылық дау-жанжалдан соң өзіне өзі қол салмақ болғанын айтты.
Жергілікті учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов бірінші болып оқиға орнына барған. Үйдің ауласына жеткенде екінші қабатта оқ атылғаны естілген.
Полиция қызметкері оқтан жалтарып үлгерді.
«37 жастағы жігітті полицияның арнайы бөлім қызметшілері ұстады. Қолындағы қару өзінің атына тіркелген болып шықты. Белгілі болғандай, ол есірткі қабылдаған. Қазір күдікті Алмалы аудандық ПБ жеткізілді», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




