Білім күні 1 қыркүйекте онлайн түрде өткізіледі
Тамыз айында балалар мен ата-аналарға арнап түрлі тақырыптарда бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету маңызды. Сондықтан тамыз айында балаларға және ата-аналарға «Үйде қалай оқу керек?», «Гигиена негіздері», «Кибермәдениет», «Интернет арқылы қалай оқу керек?», «Дене жаттығуларының маңызы» сияқты бірыңғай сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары өткізіледі. Білім күнін 1 қыркүйекте онлайн режимінде өткізуді жоспарладық», - деді министр Үкімет отырысында.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




