АҚШ-та өмір сүретін жабайы жануар көшемізде жүр
Алматы көшелерінде Америкада өмір сүретін жануар жүр. Бұл ереше жағдай әлеуметтік желіде жарияланды. Оны жүргізушілердің бірі байқап қалған.
Көлік айдап келе жатқан адамның алдынан тұра қашқан жануар шидің арасына кіріп жоқ боп кеткен.
«Сирек кездесетін жануарды қала тұрғыны тапқан. Жануар көліктің алдынан кес-кестеп шыққан. Жүргізуші тез арада көлікті тоқтатып, видеоға түсіріп үлгерген», - делінген Instagram п арақшасындағы жазбада.
ҚР Экология және геология, табиғи ресурстар министрлігі бұл деректі тексеріп жатыр. «Кіреукей (броненосец) Оңтүстік және Солтүстік Америкада өмір сүретін сүт қоректілер қатарына жатады. Бұл жануар Қазақстанда өмір сүрмейді. Әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты қазір тексеру жүріп жатыр», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




