«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

2,1 млн қазақстандыққа 42 500 теңгелік төлем аударылды

2,1 млн қазақстандыққа 42 500 теңгелік төлем аударылды
ашық дереккөз
2,1 млн қазақстандыққа 42 500 теңгелік төлем аударылды
 width= 2,1 млн қазақстандыққа 42 500 теңгелік төлем берілді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.  «3 тамызда сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылғандарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау үшін 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды», делінген хабарламада. 2,4 млн өтінімнің ішінде: – 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 604,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram боттар арқылы; – 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 202,8 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 1 млн 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды.  Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.  

Ұқсас жаңалықтар