Өкпе қабынуынан көз жұмғандар қалай жерленеді?
Өкпе қабынуынан көз жұмғандарға коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу ержесі қолданылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында министрге «коронавирустан қаза тапқандарды жерлеу ережесі өкпе қабынуынан қайтыс болғандарға да қолданыла ма?» деген сұрақ қойылған еді.
«Бұл бірдей жағдай. Сондықтан емдеу шараларымен қатар басқа да прицинптер сақталатын болады», - деп жауап берді министр.
Естеріңізде болса, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың коронавирус індетінен қаза тапқандарды жерлеу алгоритмі айқындалған қаулысы шыққан болатын. Аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі. СОVID-19 диагнозы зертханалық расталған жағдайда қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді. Ал, COVID-19-ға күдікті қайтыс болғанда мәйіт зертханалық зерттеу нәтижесі шыққанша туыстарына берілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді