Жаңалықтар
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2020
- 469
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды
Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және Ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz "электрондық үкімет" порталы арқылы қабылданды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады.
"Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылатынын естеріңізге саламыз", – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




