Жаңалықтар
Қазаннан бастап ресейліктерге коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салынады
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2020
- 547
Қазаннан бастап ресейліктерге коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салынады
Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Министрдің айтуынша, бүгінде бұл препаратты тіркеу үшін құжаттар дайындалып жатыр. "Біз алдағы бір жарым-екі айда клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру үшін кем дегенде екі өтінішті күтіп отырмыз", - деді министр.Оның айтуынша, тіркеу куәлігін алғаннан кейін вакциналарды қолдану басталады. Ең алдымен, арнайы топтарға вакцина салынады екен.
"Ең алдымен, медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге салынады, сосын вакцина салынған науқастарға бақылау жүргізіледі", - дейді Мурашко.Министр ресейліктерге жаппай вакцина салу қазан айынан басталатынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




