«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда түрме қоршауынан есірткі лақтырған азамат ұсталды

Таразда түрме қоршауынан есірткі лақтырған азамат ұсталды
ашық дереккөз
Таразда түрме қоршауынан есірткі лақтырған азамат ұсталды
 width= Таразда колония қоршауынан кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында түзеу мекемесінің негізгі қоршауынан  скотчпен оралған 3 ораманы лақтыруға ниеттенген 1993 жылғы азаматты құрықтады. «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауынан салмағы 290 грамм болатын есірткі затын лақтырмақ болған азамат ұсталды. Тараз қаласының тұрғыны бұл затты ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтырғанын мойындады", - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар