Алматыда бір қабатты үйде жарылыс болды
29 шілде күні кешке Жетісу ауданындағы бір қабатты жеке үйде газ атылып, жарылыс болды Жарылыс салдарынан үйдің күл-талқаны шығып, қабырғалас көрші екі үйдің шатырларына да ішінара зақым келді. - Іздестіру-құтқару және қирандыны жинау жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Үйінді астынан бір әйел табылды. №7 бөлімнің өрт сөндірушілері 49 жастағы әйелді қиранды арасынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Денеcінің термиялық күйіктерімен ол 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.Жарылыстың алдын-ала себебі - газ тетігінің ашық қалуы. Оқиға орнында газдың апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеуде.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




