Елімізде халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін
Пандемияға байланысты халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Р.Дәленов қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биыл санақ өткізбеген дұрыс деп есептейтінін айтты. ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов пандемия жағдайын байланысты халық санағын келесі жылға ауыстыруға ұсыныс жасады.
«Жалпы Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Мұндағы негізгі себеп – халықтың мен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті
- 28 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




