Коронавирус жұқтырған 7 әйел аман-есен босанған
Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 әйел аман-есен босанған. Дәрігерлердің айтуынша, аналардың да, сәбилердің де жағдайлары жақсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған аурухананың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызының сөзінше, калалық орталық ауруханадағы жағдай тұрақтала бастаған. Бұған дейін жедел жәрдеммен тәулігіне орташа есеппен 50-60 адам жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш 10/15-ке дейін азайған.
Бас дәрігер сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау керектігін ескертеді.
«Әр адам өз денсаулығын ойлап, көпшілік жүретін жерлерде қашықтықты сақтағаны жөн. Үнемі қолды да жуып жүруі керек. Бетперде тағу міндетті. Әлеуметтік желілер арқылы келген видеоларға емес, нақты дәрігерлердің кеңесіне жүгінген дұрыс».Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




