Жаңалықтар
Жерлесіміз Батыр Жүкембаев АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2020
- 489
Жерлесіміз Батыр Жүкембаев АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Ол қыркүйектің соңында рингке оралады. Батыр АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Жүкембаев тамыздың басында Мәскеуге оқу-жаттығу жиынына аттанады. "Қыркүйектің соңында АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Промоутерім осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әзірше рингке кімге қарсы шығатыным белгісіз, бірақ қарсыласым жоғары деңгейден болады", - деді Жүкембаев.Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін биыл қаңтарда өткізіп, мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) жеңген еді. Қазақстандық боксшы жекпе-жегінің бәрін Канадада өткізген.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




