Алып астероид Жерге қарай ұшып келеді
Көлемі футбол алаңымен тең астероид Жерге қарай ұшып келеді деп хабарлайды РИА Новости.
Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың (NASA) мәліметінше, 2009 PQ1 астероидының көлемі 84-190 метрге дейін жетеді. Ол 5 тамыз күні Жерге барынша жақындайды.
Сондай-ақ хабарламада көрсетілгендей, астероид пен Жердің арақашықтығы біздің ғаламшар мен Айдың арасындағы қашықтықтан жеті есе көп болмақ.
Аталған аспан денесі 2009 жылғы 14 тамызда анықталған.
Астероид ұшу бағыты Жер орбитасымен қиылысатын "Аполлондар" тобына жатады.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




