Жаңалықтар
Татарстаннан келген бір топ дәрігер Жамбыл облысына табан тіреді
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2020
- 498
Татарстаннан келген бір топ дәрігер Жамбыл облысына табан тіреді
Татарстаннан бір топ дәрігер Жамбыл облысына табан тіреді. Бұл облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың келісімі бойынша ұйымдастырылды.
Татарстан дәрігерлері отырған ұшақ Тараздың Әулие-Ата халықаралық әуежайына келіп қонды. Делегацияны облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов және «Тараз» ӘКК»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Олжас Каржауов күтіп алды.
Келген дәрігерлердің қатарында дәрігер-инфекционист, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог және амбулаториялық-емханалық қызметтің мамандары бар.
Марат Жұманқұловтың айтуынша, Татарстаннан келген мамандар коронавирус пен пневмония аймағындағы емдеу хаттамаларымен танысып, жергілікті дәрігерлерге консультациялық және әдістемелік көмек көрсетпек.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




