Жаңалықтар
42 500 теңге біржолғы төлемді 1,8 млн-нан астам қазақстандық алды
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2020
- 156
42 500 теңге біржолғы төлемді 1,8 млн-нан астам қазақстандық алды
28 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 233 мың өтінімнің ішінде:
– 822,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 554,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 287,6 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 569,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 822,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 170,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 241 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 1,9 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 820 мың қазақстандыққа аударылды.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді