Кварцит деп 10 тонна алтын рудасын алып өтпек болған

Кварцит деп 10 тонна алтын рудасын алып өтпек болған
ашық дереккөз
Кварцит деп 10 тонна алтын рудасын алып өтпек болған
 width= 2020 жылғы 27 шілдеде ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде Нұр-Сұлтан қаласынан Ресей Федерациясының Челябинск облысына кетіп бара жатқан жүк автомашинасын тексеру кезінде жалпы салмағы шамамен 10 тонна болатын 12 қапқа салынған алтыны бар кенді анықтады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Құжат бойынша жүк "кварцит" ретінде ресімделген.
Сарапшылардың пікірі бойынша, алтыны бар 1 тонна кеннен 1 кг дейін таза алтын шығады, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 1 грамм алтынның құны – 25 213 теңге. Алдын ала бағалауға сәйкес алынған өнімнің сомасы шамамен 250 млн теңгені құрауы мүмкін.
Ұсталған жүк процессуалдық баға беру үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар