Қазақстанның екі өңірі коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

Қазақстанның екі өңірі коронавирустың екінші толқынына дайындалуда
ашық дереккөз
Қазақстанның екі өңірі коронавирустың екінші толқынына дайындалуда
 width= Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеген оңтүстік және солтүстік өңірлерде эпидемияның екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы COVID-19 инфекциясының екінші толқынына ауқымды дайындық жүріп жатқанын мәлім етті. Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, пандемия басталған кезде өңірде 73 өкпені жасанды желдету аппараты болған, ал қазір олардың саны – 78, сондай-ақ тағы 24 құрылғы сатып алынған. Петропавловск.news басылымының ақпарынша, облыс әкімдігі тағы 250-ден астам ӨЖЖ аппаратын сатып алуды жоспарлар отыр. Денсаулық сақтау министрлігі өңірге 159 аппарат жеткізеді. Аймақ басшысының пікірінше, КВИ-дің екінші толқыны күн суыған кезде – күз мезгілінде болады деп күтілуде. Шымкенттік дәрігерлердің де пандемияның екінші толқынына дайындалып жатқаны белгілі болды. Стационарлық төсек орындар резервке алынып, дәрі-дәрмек қоры жасақталуда деп жазды Otyrar.kz. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Дәулет Шорабаевтың айтуынша, тұрғындар онлайн кеңестер ала алады. Онда дәрігерлер емделу жолдарын қашықтықтан түсіндіріп береді. Бұл адамдардың шоғырлануын болдырмайды. Дегенмен, шымкенттік ақ халаттылар пендемияның екінші толқыны қашан басталатынын дөп басып айта алмады. Бұл сайып келгенде халықтың санитарлық жағдайды қаншалықты ескеруіне байланысты. Десе де, салаға жауаптылар қазір екі айлық дәрі-дәрмек қорын жасақтап, тиісті тапсырыстарын да әлден ақ қамдап қойыпты.  

Ұқсас жаңалықтар