Жаңалықтар
Мемлекеттік комиссия отырысында карантинді алып тастау мәселесі қаралады
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2020
- 444
Мемлекеттік комиссия отырысында карантинді алып тастау мәселесі қаралады
Премьер-министр үкіметтің онлайн-отырысында алдағы жексенбі күні – 2020 жылғы 2 тамызда карантин шараларын алып тастау мүмкіндігі туралы мәлімдеді.
Асқар Мамин 2020 жылғы 2 тамызда бүкіл ел аумағында 5 шілдеден бастап енгізілген локдаун режимінің мерзімі аяқталатынын атап өтті.
Ол осы уақыт аралығында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын, соның арқасында медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайғанын жеткізді.
Үкімет басшысының мәліметінше, осы уақытта коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 63%-дан асқан. Ауру жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға дейін азайды, стационарлардағы орындардың жүктемесі 46%-ға дейін, жедел жәрдем шақыртулар саны 38%-ға төмендеді. Өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген.
"Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданатын болады", – деді А.Мамин.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




