Сирияда бомба қойылған мотоцикл жарылды
Сирияның Идлиб қаласында бомба қойылған мотоцикл жарылып, салдарынан 12 адам жарақат алды, басым бөлігі - балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN Turk агенттігіне сілтеме жасап.
«Кешке қала орталығында белгісіз біреулер жарылғыш заттары бар мотоциклді жарып жіберген. 12 адам жарақат алды, көбісі – балалар», - делінген хабарламада.
«Ақ дулығалар» атты азаматтық қорғау тобы оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Осы маңдағы азаматтар өртті өз күшімен сөндіруге тырысқан. Оқиғадан кейін 23:00-де сол ауданда бомба жарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




