«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қош келдің!

Қош келдің!
ашық дереккөз
Қош келдің!

Қанат Ислам «Астана» Президенттік кәсіпқой клубымен келісім-шартқа қол қоймақ

Кәсіпқой рингте Алаштың атын аспандатып жүрген қандасымыз Қанат Ислам «Астана» Президенттік кәсіпқой клубымен келісім-шартқа отыруды жөн деп ұйғарып отыр. Кәсіпқой рингте 18 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен Қанат алдағы уақытта Мейвезер, Котто, Пакьяо секілді кәсіпқой бокстың жілігін шағып, майын ішкен майталман боксшылармен қолғап түйістіруді армандайды. Кәсіпқой бокстың барлық елегінен сүрінбей өткен Алаш баласы енді алдағы уақытта 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Елге атбасын тіреген ол: «Осыған дейін жұртшылық тарапынан менің кездесулерімді отандық телеарналар неге көрсетпейді? деген сауал туындаған болатын. Бұйыртса, келесі кездесулерімді көрсетеді деп ойлаймын. Сөздің ашығы, мен елге «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубымен келісім-шарт туралы сөйлесуге келдім. Жақын күндері АҚШ-тан Нелсон Лопез де келеді. Екеуміз бірге Астанаға осы мәселе бойынша бармақпыз. Америкада жақсы промоутерлік компаниялар менімен жұмыс жасауға өтініш білдіріп жатыр, бірақ мен өз елімнің клубының атынан шыққанды қалаймын» дейді Бейжің олимпиадасынан кейін елге оралған Қанат. Қандасымыздың алдағы уақыттағы жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны әзірге беймәлім. Қазіргі кезде бірнеше боксшымен оның промоутерлері келіссөздер жүргізіп жатыр. Әзірге белгілісі «менмін» деген бірқатар боксшылар Қанатпен қолғап түйістіруден қашқақтап отыр. Бүгінгі таңда Қанат Ислам WBA рейтингінде жетінші орынға көтерілді. Кездесулерінің басым бөлігін жеңіспен аяқтап жүрген қазақ боксшысының алдағы уақытта чемпиондық жекпе-жекке шығуға да мүмкіндіктері орасан зор. Лондон олимпиадасына Қытай халық республикасының қысастығы салдарынан еліміздің атынан қатыса алмаған қандасымыздың арманы да кәсіпқой бокста қазақ елінің атын аспандату. Сол үшін де Маямиде таңғы төрт жарымнан жетіге дейін қазақтың Қанаты аянбай тер төгіп жүр. Оған «Астана» кәсіпқой Президенттік клубы өздері тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екендіктерін айтуда.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар