Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде Инчхондағы жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларды шығарып салу рәсімі өтті.19 қыркүйекте басталатын спорттық додаға Қазақстаннан ұзын саны 420 спортшы бақ сынайды. Отандық спортшылар елімізде дамымай қалған 7 спорт түрінен Азия ойындарына қатыспайды. Еліміздегі спорт саласының басшылары Азия ойындарынан 20-дан аса алтын алуды көздеп отыр. Жалпы командалық есепте Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінен соң, төртінші сатыға табан тіреу – басты мақсат. Естеріңізде болса, осыдан төрт жыл бұрын Қытайдың Гуанджоу қаласында өткен Азиадада Қазақстан алдыға Иран құрамасын жіберіп, 5-ші орынға тұрақтаған еді. Жазғы Азия ойындарының чемпионы 10 мың, күміс жүлдегер 5 мың, қола жүлдегер 3 мың АҚШ долларымен марапатталады. Одан бөлек, бапкерлер де қаржылай сыйақы алады. Қазақстанның көк байрағын көтеріп шығу құрметі боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке тапсырылды. Сапар алдында Әділбек барлық спортшылардың атынан ант беріп, еліміздің байрағын көкте желбіретіп келуге уәде етті. «Әлем, Азия чемпионаттарында, Олимпиада ойынында күміспен шектеліп жүрмін. Енді Азия ойындары менің жеңістеріме жол ашса екен. Инчхоннан алтынмен ораламын», – дейді Әділбектің өзі.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




