Спорт және туризм
Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан екі алтын алдық
- author «Ақ жол»
- 14 қыркүйек, 2014
- 783
Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақтан екі алтын алдық
Шолпан-Атада (Қырғызстанда) өтіп жатқан Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қазақстан тоғызқұмалақшылары екі алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Еліміздің ерлер және әйелдер арасындағы қос құрамасы Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары бағдарламасындағы "тогуз коргоол" ойынынан топ жарды. Командалық сын бүгін "плей-офф" жүйесімен, "Рух-Орда" мәдени орталығында өтіп, Қазақстан тоғызқұмалақшылары қарсылас шақ келтірмеді.
Ерлер арасындағы сынға 12 құрама команда қатысты. Біздің елдің намысын 28 жастағы спорт шебері Нұрбек Қабиев (Ақтөбе) және 25 жастағы Жанат Қаймолдин (Павлодар) қорғады.
Әйелдер арасындағы сында 10 құрама команда бақ сынады. Біздің елдің абыройын ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2010 және 2012 жылдардағы екі дүркін әлем чемпионы (әлем чемпионаты екі жылда бір рет өтеді), 2013 жылғы Азия чемпионы Әсел Далиева (Шымкент) және халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 жылы рапиден әлем чемпионы атанған Диана Кенина (Ақтөбе) сынды талантты қыздарымыз асқақтатты.
Осы ретте айта кетейік, тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Қырғызстанның бес дүркін чемпионы, Азия чемпионаттарының жүлдегері, көпшіліке танымал Айнұр Жақапбаева.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




