Спорт және туризм
Геннадий Головкин әлемнің ең үздік боксшысы деген атақтан үмітті
- author «Ақ жол»
- 14 қыркүйек, 2014
- 812
Геннадий Головкин әлемнің ең үздік боксшысы деген атақтан үмітті
WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің ең үздік боксшысы деген атақтан үмітті боксшылар қатарында, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып. Әлемнің үздік боксшысын анықтау үшін ресейлік Sports.ru порталы дауыс беруді ұйымдастырып отыр. Бұл тізімге америкалық бокшысы Флойд Мейвезер-кішісі де енген. Ол жақында ғана аргентиналық Маркос Майданды жеңіп, төрешілердің мынандай шешімімен – 115:112, 116:111, 116:111. чемпиондық титулын қорғаған болатын. Америкалық бокшы өзінің чемпиондық титулын жартылай орташа салмақта қорғады. Әлемнің ең үздік боксшысына үміткерлер қатарында тағы бір америкалық боксшы Бернард Хопкинстің де есімі бар.Сондай-ақ бұл атақтан филиппиндік Мэнни Пакьяно және басқа да спортшылар үмітті. Ұнаған үміткерлеріңізге мына сілтеме бойынша дауыс бере аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин Boxrec.com.порталының нұсқасы бойынша салмағының қатысынсыз әлемнің үздік боксшыларының ондығына енген болатын. Сондай-ақ ол қазіргі заманның ең айбарлы боксшысы деп танылды. Гена WBA бойынша чемпиондар тізімін құрастырған Bleacher Report порталының рейтингісінде көш бастап тұр. Қазақстандық бокшы әлемдегі ең көп көрермені бар боксшылардың алдыңғы сапында. Оның алдында тек филиппиндік Мэнни Пакьяноның ғана көрермені ең көп боксшы болып табылады.
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 қазан күні Карсонда (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді. Оның қарсыласы WBC нұсқасы бойынша орташа салмақтағы уақытша әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




