- Advertisement -

Армандар, алдама шешемді!

77

- Advertisement -

Бөлмеде шешем, мен екеуміз,
Күзгі өмір терезе ар жағы.
Екеуміз қалаға бөтенбіз,
Тірліктің соңында қалғаны.

Көшеде дымқыл сыз, қараша,
Жуынған үйлер тұр маңдайы.
Мөп-мөлдір моншақтар балауса,
Терезе бетінде аунайды.

Әйнекке аунаған мың тамшы,
Шешемнің көз жасы секілді.
Бейкүнә, тамшылар, тыңдашы,
Жаныммен жұбатам мен кімді?

Шешем бе? Бағынан соры артық,
…жо-жоқ ол жыласа күледі.
Тағдырға тым ерте тоналып,
Шоқ тиген бармақтай жүрегі.

Әкемнің бақыты басқа жан,
Бақытсыз шешеме қараймын.
Үміті көзінен қашпаған,
Жесірлік, шешемді аяймын.

…Күзгі өмір терезе ар жағы,
Бергісі тыныштық кешегі.
Мұң қалды ап-ауыр салмағы,
Армандар, алдама шешемді.

Мәулен
Жаппасбаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support