Заринаның үздік отыздыққа енетін мүмкіндігі бар
- author «Ақ жол»
- 13 қыркүйек, 2014
- 747
Қазақстандық теннисші қыз Зарина Диастың үздіктер қатарынан көрінетін мүмкіндігі мол. Бүгінгі таңда үздік қырық теннисшінің қатарында тұрған қазақтың қара домалақ қызы бұған дейін Сара Эррани, Саманта Стосур секілді әйгілі теннис шеберлерінен жақсы пікір естігенін бәріміз білеміз. Париж қаласында өтетін «Роллан Гарроста» төртінші кезеңге қиналмай жеткен Зарина АҚШ ашық біріншілігінде үшінші кезеңге шыққан болатын. Күн санап WTA рейтингінде бәсі жоғарылап келе жатқан қазақ қызының алдағы уақытта өзінің рейтингін тағы да түзеп алатын мүмкіндіктері бар. Бүгінгі таңда оның алдын орап тұрған бірнеше теннисшінің Заринадан соншалықты көп ұпай жинамағанын ескеретін болсақ, алдағы айларда өтетін WTA жарыстарының бірді-екілісінде жоғары нәтиже көрсететін болса, жылды үздік отыздықтың қатарында аяқтары сөзсіз. Ол үшін әрине АҚШ пен Еуропа елдерінде өтетін турнирлерге дайындықты пысықтай түсу керек. Заринаның өзі де сол үшін жұмыс жасап жатқанын айтады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




