Жаңалықтар
Іздеуде жүрген азамат Жамбыл облысының шекарасында ұсталды
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2020
- 605
Іздеуде жүрген азамат Жамбыл облысының шекарасында ұсталды
Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада кісіні жарақаттағаны үшін іздеуде жүрген азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
2020 жылғы 24 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті шекарашылары пилотсыз ұшу аппаратын қолданып, ерікті жасақтың көмегімен мемлекеттік шекараны бұзған адамды тауып, ұстады.
Мән-жайды анықтау барысында Қырғыз Республикасының аталған азаматын кісі денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін ішкі істер органдары іздеп жатқаны белгілі болды.
Қазіргі кезде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




